Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Көк" мәртебесі барлар үшін бірқатар шектеулер алынады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында коронавирусқа байланысты шектеулердің жеңілдетілгенін хабарлады. Енді Ashyq-тағы мәртебесі "көк" адамдар ПТР-тест тапсырмай-ақ қайтадан бірқатар нысанға кіре алады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғинияттың сөзінше, мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында ВАК кәсіпкерлік субъектілері үшін шектеулерді азайтудың келесі тәсілдерін қарап, бекітті:

  • "жасыл" және "көк" мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақытына шектеулер алынады;
  • эпидемиологиялық қауіпке қарамастан Ashyq-тағы тек "жасыл" мәртебені пайдаланған кезде салтанатты, еске алу, мерейтойлық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар өткізуге шектеу қойылмайды;
  • спорт кешендерінің, демалыс және діни нысандардың, ойын-сауық объектілерінің, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі шектелмейді.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық қауіпке қарамастан азаматтарда "көк" мәртебесі болған жағдайда келесі нысандарға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі: қонақ үйлер, әуежайлар, темір жол және автовокзалдар, ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, банктер, асхана түріндегі қоғамдық тамақтану орындары, жабық базарлар, білім беру орталықтары, СПА орталықтар, сұлулық салондары.

Сондай-ақ, облысаралық, облысішілік және қалалық жолаушылар тасымалына рұқсат беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952799-koronavirus-kok-martebesi-barlar-usin-birqatar-sekteuler-alyp-tastaldy/

pixel