Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды

Опубликовано:

Коронавирусқа тексерілу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Симптомсыз науқастар және коронавирус дертін жұқтырған адаммен жақын байланыста болған науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясының "омикрон" штамының таралу жылдамдығына байланысты карантин мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

"Карантин және Ashyq-тағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Сонымен, (дертті жұқтырған адаммен - ред.) жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады", - дейді Ажар Ғиният.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусқа байланысты шектеулердің жеңілдетілгенін хабарлаған едік. Енді Ashyq-тағы мәртебесі "көк" адамдар ПТР-тест тапсырмай-ақ қайтадан бірқатар нысанға кіре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952806-elimizde-simptomsyz-nauqastar-usin-karantin-merzimi-qysqartyldy/

pixel