Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептер қандай жағдайда қашықтан оқуға көшеді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі мектептер қандай жағдайда қашықтан оқуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Министр еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, білім беру ұйымдарындағы оқыту форматы халықаралық тәжірибені ескере отырып қайта қаралғанын хабарлады. Мұндай ұсынысты Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ жасаған екен.

"Барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс істейді. 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында толтыру 50 пайыздан аспауы керек, бастауыш сынып оқушылары штаттық режимде білім алады. Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациялаумен қамту деңгейі ескеріледі. ЖОО-лар мен колледждерде сараланған тәсіл енгізілген. Лекциялар – онлайн, қалған сабақтар кесте бойынша штаттық режимде өтеді", - дейді министр.

Оның айтуынша, мониторинг жұмыстары одан әрі жалғасады. Егер карантин талаптарын бұзу орын алса, онда оқу онлайн форматқа ауыстырылады.

Осыған байланысты министр облыс әкімдеріне және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының басшыларына білім алушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын бақылауды тапсырды.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусқа байланысты шектеулердің жеңілдетілгенін хабарлаған едік. Енді Ashyq-тағы мәртебесі "көк" адамдар ПТР-тест тапсырмай-ақ қайтадан бірқатар нысанға кіре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952822-mektepter-qandai-zagdaida-qasyqtan-oquga-kosedi/

pixel