Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы ақшалай көмек берілмек": Әкімдік желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Гүлдер
Көрнекі фото: Pexels

Әлеуметтік желілерде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы ақшалай көмек берілетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарлауынша, бұл - жалған ақпарат.

"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай біржолғы көмек ретінде ақша төлеу туралы тарап жатқан ақпарат жалған. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы ретте, әкімдік азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және тек ресми мәліметтерге сенуді сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде ведомствоның атынан таралған онлайн-сауалнама арқылы 50 мың теңге сыйақы алу туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952834-xalyqaralyq-aielder-kunine-orai-birzolgy-aqsalai-komek-beriletini-ras-pa/

pixel