Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласының басым бөлігінде электр жарығы сөнді. Қазіргі уақытта жарық Медеу, Жетісу, Түрксіб, Бостандық, Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарында жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдан бөлек, Тараз, Шымкент және Талдықорған қалаларының да жарықсыз қалғанын жарыса жазып жатыр.

Sputnik Қырғызстан ақпараттық агенттігінде жарияланған ақпаратқа сенсек, Бішкектің біраз бөлігі де жарықсыз қалған.

"Жарықтың сөнуі туралы хабарламалар Қырғызстанның басқа да аймақтарынан келіп жатыр. "Северэлектро" және "Қырғызстанның Ұлттық электр желісі" не болғанын анықтауға тырысуда", - деп жазады интернет басылым.

Ал Sputnik Өзбекстан мәліметі бойынша, Өзбекстанның Ташкент (барлық аудандары), Гүлістан, Карши, Самарқанд, Бұхара, Қоқан, Чирчик қалаларында электр жарығы сөндірілген.

Алматы энергетика басқармасы жарықтың KEGOK желісі бойынша сөнгенін хабарлайды.

"Желідегі кернеудің төмендеуі әсерінен АЖК-ның қосалқы станцияларында жиілікті автоматтық түрде төмендету жүйелері іске қосылған. Қайта қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952858-almaty-men-elimizdin-birqatar-onirinde-zaryq-sondi/

pixel