Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жарықтың сөнуі қаланың тыныс-тіршілігіне қалай әсер етті (фото)

Опубликовано:

Алматы көшесі
Фото: instagram.com/megapolis.kz

Бүгін түске таман Алматының бірнеше ауданында электр жарығы сөніп қалды. Бұл жағдайдың қаланың тұрмыс-тіршілігіне қалай әсер еткенін KAZ.NUR.KZ тілшісінің материалынан оқыңыз.

Мегаполисте бағдаршамдар сөніп, троллейбустар қозғалысын тоқтатты.

Байзақов пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында және Бостандық ауданындағы қиылыстарда бағдаршамдар істен шыққан.

Осының салдарынан көшелерде көлік қозғалысы қиындап, кептеліс болғанын әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан байқау қиын емес.

Алайда оңтүстік астананың көптеген аудандарында 14:00-ге дейін электр жарығы беріле бастады. Бұл жол қозғалысындағы қиындықтардың қалпына келуіне оң әсер етіп жатыр.

Алматы әуежайы мен метро жұмысын тоқтатпаған. Автобустар да кесте бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Қала ауруханаларында жарық сөнбеді. "Алатау жарық компаниясының" хабарлауынша, қаладағы ауруханалар электрмен қамтудың басқа сызбасына қосылған. Желіде қандай да бір ақау орын алса, дизель генераторына ауысады.

"Олар жарықтандырудың басқа сызбасына қосылған. Қандай да бір ақау орын алса, ауруханалар автономдық электргенерация - дизель-генераторына қосылады", - деп хабарлайды "Алатау Жарық Компаниясы".

Айта кетейік, бұған дейін энергетикалық желіні басқару бойынша отандық KEGOC компаниясы Қазақстанның бірқатар қаласында электр қуатының жаппай сөнуіне қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952883-almatydagy-zaryqtyn-sonui-qala-turmysyna-qalai-aser-etti-foto/

pixel