Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ҰБТ басталды: Биыл тест өткізу ережесіне қандай өзгерістер енгізілген

Жарияланған күні:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Қатысушылардан 104 мыңға жуық өтінім түскен. Биыл ҰБТ өткізу ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Бүған дейін тестілеуді 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған еді. Бірақ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген болатын.

Айта кетерлігі, биылғы ҰБТ өткізу ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Одан бөлек тестілеу тапсыру процесінің ашықтығы мен транспаренттілігін күшейтуде де біраз өзгерістер бар.

"Ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша уақыт берілді. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут беріледі. Яғни, олар ҰБТ-ны 4 сағат 40 минут ішінде, басқаларға қарағанда ұзағырақ тапсыра алады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Бұл өзгерістер ҰБТ тапсыруды айтарлықтай жеңілдетеді", – деді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Одан бөлек тестілеу "1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші" қағидаты негізінде іске асады. Талапкердің тест тапсыратын орнында негізгі камерадан бөлек, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Бұл өз кезегінде талапкердің жеке басын сәйкестендіруге, ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, қаңтар айының ҰБТ нәтижесімен ақылы оқуға тапсыруға болады. Түлектер жазғы тестілеу негізінде грантқа үміткер бола алады.

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін ескертеді. Егер тексеріс нәтижесінде тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталса, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952898-elimizde-ubt-bastaldy-biyl-test-otkizu-erezesine-qandai-ozgerister-engizilgen/