Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі еліміздің бірнеше өңірінде жарықтың сөнуіне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрлігі Қазақстанның энергия жүйесіндегі жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың 25 қаңтар күні 11:59-да Орталық Азияның энергия жүйесінде туындаған апаттық теңгерімсіздік салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр энергиясы транзитіне 500 кВ қуат түскен. Салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзитінде авариялық бөліну жағдайы болып, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы электр тұтынушыларының басым бөлігі жарықсыз қалған. Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаватты құрады.

Оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысында – 1000 МВт, Жамбыл облысында – 300 МВт, Түркістан облысында – 500 МВт және Қызылорда облысында - 200 МВт.

"Жиіліктің отырып қалуы салдарынан (47 Гц-тен төмен) Өзбекстан, Қырғызстан энергия жүйелері толық өшірілді. Автоматика жұмысымен Жамбыл ГРЭС, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының толық өшірілуіне жол берілмеді, аталған облыстардың тұтынушылары шамамен 500 МВт электрмен жабдықталды", - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі автоматиканың әрекетімен Алматы энергия торабы шамамен 700 МВт электр тұтынуды сақтай отырып, оқшауланған жұмысқа бөлінгенін мәлім етті.

"Сағат 13:39-да ұлттық электр желісінің Алматы энергия торабымен қалыпты схемасы толық қалпына келтірілді. Алматы және Алматы облысының өңірлік электр желілік компаниялары шектеулерді алып тастауды жүзеге асырды. Оңтүстік облыстарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады министрлік.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы мен еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнгені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952904-energetika-ministrligi-alimizdin-birnese-onirinde-zaryqtyn-sonuine-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel