Алматыда электр жарығы толықтай қалпына келтірілді
Опубликовано:

Алматыда электр жарығы толықтай қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алатау Жарық компаниясы" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.
"Алатау Жарық компаниясы" акционерлік қоғамы "Солтүстік-Оңтүстік" жоғары вольтты электр желілеріндегі апаттық жағдайға байланысты электр қуатынан ажыратылған Алматы қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды толық көлемде қалпына келтірді", - делінген хабарламада.
Барлық ажыратылған абоненттерге электр энергиясы толықтай берілгені белгілі болды.
Компания нақтылағандай, апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік аудандары бойынша 92 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған, оның 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы мен еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнгені туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952907-almatyda-elektr-zarygy-tolyqtai-qalpyna-keltirildi/