Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары қызметінен кетті

Опубликовано:

"ҚазМұнайГаз"
Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев оған атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді, делінген хабарламада.

"Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және "ҚазМұнайГаз"-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін", – деді Жақып Марабаев.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952921-qazmunaigaz-bassysynyn-orynbasary-qyzmetinen-ketti/

pixel