Елорда балабақшасындағы шу: Полиция күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденгенін хабарлады
Опубликовано:

Елордалық полицейлер жергілікті балабақшада болған жағдайға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Алан" балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы ("Білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы") бойынша іс қозғалған.
"Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Биылғы жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді",– деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.
Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екіге толмаған қызын тәрбиешінің соққыға жыққанын айтып, көпшіліктен көмек сұраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952936-elorda-balabaqsasyndagy-su-policiya-kudiktinin-kinasi-tolygymen-daleldengenin-xabarlady/