Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ: Елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі ақпанның ортасында болуы ықтимал

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне қатысты болжам жасады. Ол қыстың соңында келуі ықтимал, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз эпиджағдайдың тұрақты болжамын жүргіземіз. Соңғы болжам бойынша, бізде үш сценарий бойынша болжам жүзеге асырылуда: шынайы, оптимистік және пессимистік. Бүгінгі болжамға сүйенсек, аурудың шарықтау шегі ақпан айының ортасында болады",- деді ДСМ комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ashyq жүйесінде "көк" мәртебесі бар адамдар үшін карантиндік талаптарды жеңілдету туралы белгілі болды.

Адамдар тағы да бірқатар нысанға бара алады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, елдегі коронавирус жұқтыру деңгейі 11 есеге көтерілді. Өткен тәулікте коронавирустың 9016 жағдайы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952942-dsm-elde-koronavirus-zuqtyrudyn-saryqtau-segi-aqpannyn-ortasynda-boluy-yqtimal/

pixel