Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәйітін жамылғыға орап, шкафқа салған": Оралдағы қыздың өліміне қатысты дерек шықты

Жарияланған күні:

Оралдағы сот отырысы
Фото: NUR.KZ

Орал қалалық сотында Анастасия Чернаяның өліміне қатысты процесc басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жоғалған 21 жастағы қыз қаладан 15 шақырым жерде орман алқабында өлі күйінде табылды. Сотталушылар орындығына қылмыс жасағанын мойындаған 27 жастағы ер адам отырды.

Жас жігіт кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, бірақ іс сотқа Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша келіп түсті.

Процесс уақытында сотталушы қызды өлтіруге ниеті болмағанын айтты.

Ол бойжеткенмен несие алуға барғанда микроқаржылық ұйымдардың бірінде танысқан.

Жігітке әкімшілік айыппұл үшін ақша қажет болыпты. Оның сөзінше, Анастасия осы уақытта көмек қолын созған.

"Ол менің жеке куәлігімді алып, сауда орталығына алып барды, ол жақта кредитомат бар екен. Ол 28 мың теңге ала алғанын айтты. Мен үшін бұл аз еді. Бойжеткен осыған дейін алған қарызын қайтару үшін 20 мың теңге керек екенін айтты.

Мен досыма ақшаны қыз айтқан нөмірге салып жіберуді сұрадым. Кейін Анастасия маған өз проблемасын айта бастады. Мен кетіп қалдым, артынша куәлігімді ұмытқаным есіме түсті",- деді сотталушы.

Кейін ер адам қызбен кездесу жайлы келісе бастайды. Бірақ, ол әр түрлі себептермен бас тартып жүріп, соңында келуге келіскен.

"Ол маған келді. Үй подъезінде кикілжің пайда болды. Ол маған дүрсе қоя берді. Мен оны өзімнен ары итеріп тастамақ болдым. Бірақ ол басымен құлап кетті", - деді сотталушы.

Осыдан кейін ер адам мәйіттен арылмақ болады. Ол қыздың денесін жамылғыға салып, баумен орап, шкафқа салып тастаған.

Кейінірек мәйітті Ветелка ауылына қарай таксимен апарып, қапқа салынған күйінде өртеп жіберген.

Кейін қыздың мәйітінің қалдығын жергілікті тұрғындар тауып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952944-maiitin-zamylgyga-orap-skafqa-salgan-oraldagy-qyzdyn-olimine-qatysty-derek-syqty/