Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер коронавирустың өршуіне қалай әсер етті

Опубликовано:

Бүлік
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда індеттің өршуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Аурушаңдықтың өршуі "омикрон" штамының ерекшеліктерімен байланысты.  Әрине, жаңа жыл мерекесі кезінде халықтың тығыз байланысы, ішкі, сондай-ақ сыртқы миграция секілді адамдардың жаппай әрі-бері жүруі – бұл да аурудың таралуына ықпал ететін фактор. Тәртіпсіздіктер де аурушаңдықтың өсуіне әсерін тигізеді", - деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, ведомство басшысы індеттің өршуі көпфакторлы деп отыр.

"Яғни бұл – аурушаңдықтың көпфакторлық өсімі деген сөз. Бүгінде біз еліміздің бүкіл өңірінде аурушаңдықтың өскенін көріп отырмыз. Қандай да бір өңірде ауру асқынды, қандай да бір аймақта ол жоқ деп айта алмаймыз. Бүкіл Қазақстан "қызыл" аймақта. Осы орайда аурудың таралуы да бүкіл облыста орын алуда", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952951-elimizdegi-zappai-tartipsizdikter-koronavirustyn-orsuine-qalai-aser-etti/