Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анталияға 29 жылдан кейін алғаш рет қалың қар жауды

Опубликовано:

Анталия112
Фото: Хабар24

Түркияның қос қаласы – Анталияға 29, Мармариске 13 жылдан кейін алғаш рет қар түсіп, қолайсыз ауа райы тұрғындар мен жолаушыларды әбігерге сауда, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, әсіресе Ыстамбұлда жағдай ушыққан.

Қалың жауған қар салдарынан 24 қаңтардан бері жүргізушілер жолда түнеп, мегаполиске бет алған ұшақтардың дені көрші провинцияларға қонған. 

Салдарынан Ақтеңіз жағалауын бір-бірімен байланыстыратын жол жабылып, қозғалыс түгелдей тоқтап қалған.

Одан бөлек, Ыстамбұл тұрғындары көліктерін қар құрсауынан шығара алмай әлек болған. Осыған байланысты қала губернаторлығы жеке көліктердің тысқа шығуына шектеу қойған. Мегаполисте қауіпсіздік, денсаулық және тасымал қызметкерлерінен басқа барлық жұмысшыларға демалыс берілген.

"Қардың қалыңдығы 80 см жеткен аймақтар бар. Кейбір аудандарда 1 метрден асты. Бүгін кешкі 18:00-ден кейін тағы қар жауу мүмкін. Азаматтарымыздан ескертулерімізді қатаң сақтауларын сұраймыз", - дейді Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұ.

Десе де, ондаған жылдан бері қалың қарды көрмеген жұрт сыртқы шығып қар атысып ойнап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952966-antaliyaga-29-zyldan-keiin-algas-ret-qalyn-qar-zaudy/

pixel