Стамбұлдан Қазақстанға ұшуы керек болған барлық рейстер белгісіз уақытқа шегерілді
Опубликовано:

Түркияның ірі қаласы Стамбұлда қалың қар түсіп, салдарынан халықаралық әуежайдағы барлық рейстер уақытша тоқтатылған.
Еліміздің Стамбұлдағы Бас консулдығының "Air Astana" әуе компаниясының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, осыған байланысты Қазақстанға ұшуы жоспарланған барлық ұшақ рейстері белгісіз уақытқа шегерілген.
Бас консулдық қалып қойған ұшақ жолаушыларына тамақ беріліп, қонақ үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде екенін жеткізді.
Сонымен қатар, ведомсвто жолдардың жабылып, көлік қозғалысының қиындауына байланысты аталған шараларды орындау барысында кешігулер болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы азаматтар мен "Air Astana" өкілдерімен тікелей байланыста", - деп қосты ведомсвто.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952967-stambuldan-qazaqstanga-usuy-kerek-bolgan-barlyq-reister-belgisiz-uaqytqa-segerildi/