Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басындағы оқ алынбаған": Қаңтар оқиғасында жараланған жігіт күдіктіге айналудан қорқып отыр

Опубликовано:

тәртіпсіздік кезінде оқ тиген
скриншот: Алматы арнасы

Қаңтар трагедиясында жараланған алматылық Мұстафа Дайрабай жәбірленушіден күдіктіге айналып кетуден қорқып отыр. 6 қаңтарда оған белгісіз біреулер оқ жаудырған, ал бас сүйегіндегі оқ әлі алынбапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

6 қаңтар күні кешкі сағат 19.00 шамасында Назарбаев даңғылымен кетіп бара жатқан көлік оқтың астында қалып, соның салдарынан жүргізуші жараланады. Самайына оқ тиген Мұстафа Дайрабайдың сөзінше, сол сәтте көзі қарауытып, құлағы естімей қалыпты. Алайда дереу есін жиып, қасында болған досын қауіпсіз жерге алып шыққан.

"Көшенің жанында адамдар жүретін тротуар бар. Сол жаққа қарай қорыққанымыздан жүгіріп қаштық. 2-3 аялдамадай жерге жеткенде бір машинаны тоқтатып, ауруханаға апаруға көмек сұрадық. Ол кісі бізді ауруханаға жеткізді", ‑ дейді жәбірленуші Мұстафа Дайрабай.

Осы оқиғадан кейін қажетті ем-дом алған Мұстафаның денсаулығы бүгінде біршама жақсарған. Алайда, ол жәбірленішуден күдіктіге айналып кетуден қорқып отыр. Сондықтан, тәртіп сақшыларына жүгінбепті.

"Біріншіден - жараланғаным, екіншіден - намаз оқығаным өзіме қарсы соққы бола ма?",- деп сескенеді. Ал заңгер мұндайда қорықпай, заңға жүгіну керектігін ескертті.

"Мұстафа ешқандай ланкестік топқа жатпайды. Ешқандай бүлік жасаған жоқ. Заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Ол - жәбірленуші. Сондықтан, Мұстафаға ешнәрседен қорықпай, дереу Бостандық аудандық полиция басқармасына барып, арыз жазып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, көлігін алып шығу бойынша арыз жаздырып, көлігіне келтірілген залалдың ақшасын әкімшіліктен өндіру туралы арыз жазуы керек", ‑ деді халықаралық заңгерлік компанияның директоры Ғабит Өмірбеков.

Мұстафа секілді қаңтар оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға заңгерлер сабыр сақтауға кеңес береді. Егер өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар болса немесе өзінің кінәсіз екеніне сенімді болса, жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952971-basyndagy-oq-alynbagan-qantar-oqigasynda-zaralangan-zigit-kudiktige-ainaludan-qorqyp-otyr/

pixel