Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Опубликовано:

1
Фото: Zakon.kz

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Сейфуллин даңғылында Жансүгіров көшесіне жетпей орын алған. Басылым оқиғаның мән-жайын хабарлады.

Оған сәйкес, Honda Odyssey маркасы көлік Сейфуллин даңғылында солтүстік бағытта келе жатқан.

Жансүгіров көшесімен қиылыстан бірнеше метр жерден ер адам жүгіріп шығады. Көлік жүргізушісі тежегішті басуға тырысқанымен, адамды қағып кеткен.

Салдарынан ер азамат бірнеше метр алға ұшып кетеді. Ол алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында қаза тапты.

Басылым дерегінше, марқұмнан ішімдік табылған. Оның тұлғасы анықталуда. Оқиғаорнында криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952977-almatyda-zolga-zugirip-syqqan-zayau-zurginsini-kolik-qagyp-ketti/

pixel