Ақтөбе облысында тыйым салынған діни материалдарды сақтаған тұрғын сотты болды

Опубликовано:

компьютерде отыр
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе облысының тұрғыны тыйым салынған діни материалдарды сақтап, желіде таратқаны үшін жауапқа тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұғалжар ауданы Ембі қаласының 26 жастағы тұрғынының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында заңмен тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны және WhatsApp мессенджерінде таратқандығы анықталды.

2021 жылдың 28 желтоқсанында №2 Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен азамат ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952986-aqtobe-oblysynda-tyiym-salyngan-dini-materialdardy-saqtagan-turgyn-sotty-boldy/