Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Әлемде КВИ жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Sergei Chuzavkov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Соңғы аптада әлемде 21 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды. Бұл - пандемия басталғалы бергі ең жоғары жаңа көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сәрсенбіге қараған түні коронавирус жұқтырғандар саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 5%-ға, ал өлім-жітім 1%-ға артқандығын мәлімдеді.

17 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында ДДСҰ апталық бюллетені "өткен аптамен салыстырғанда COVID-19 жаңа жағдайларының бес пайызға артуын" тіркеді - 21 362 288 адам коронавирус жұқтырған.

Жеті күн ішінде 49 890 науқас қайтыс болған, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 1%-ға артық.

Өткен аптамен салыстырғанда (10-16 қаңтар) жұқтырғандар санының артуы Шығыс Жерорта теңізінде – 39%-ға, Оңтүстік-Шығыс Азияда (36%-ға) және Еуропада – 13%-ға артты.

Еуропада бір аптада жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты және бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың 47% құрайды.

Өлім, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда - 44%-ға және Шығыс Жерорта теңізінде - 15%-ға қатты өсті. Сонымен қатар Африкада, Батыс Тынық мұхит аймағында және Еуропада сәйкесінше 14%, 12% және 5% төмендеді.

Америка Құрама Штаттары бір аптадағы инфекциялардың ең көп саны туралы хабарлады (4 215 852). Одан кейін Франция (2 443 821), Үндістан (2 115 100), Италия (1 231 741) және Бразилия (824 279) келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 25 қаңтардағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 352 796 704 адам ауру жұқтырып, 5 600 434 адам қайтыс болған.

Ал өткен тәулікте 2 158 785 адамның індетке шалдыққаны және 6 189 адамның көз жұмғаны туралы хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952991-qauipti-indet-alemde-kvi-zuqtyru-boiynsa-zana-antirekord-tirkeldi/

pixel