Автомат пен гранатомет тәркіленді: Қызылордада тәртіпсіздікке қатысқандар ұсталды

Опубликовано:

ҰҚК
Фото: ҚР терроризмге қарсы орталық

Қызылорда облысы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлері Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздікке және құқық қорғау органдарына шабуыл жасады деген күдікпен өңірдің екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының ресми сайты.

Хабарланғандай, ұсталғандар 1982 және 1989 жылы туған. Тінту кезінде олардан Калашников автоматы, 10 патроны бар магазин, сондай-ақ гранатомет тәркіленді.

Құзырлы органдар ұсталған ер адамдардың тәртіпсіздіктерге және Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне шабуыл жасауға қатысы бар екенін танықтады.

"Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, жиналған материалдар мен заттай дәлелдемелер қылмыстық іске қосылды. Қазіргі уақытта қаңтардағы оқиғаларға қатысы бар адамдарды және қару - жарақ құралдарын іздеу шаралары жалғасуда", - деп толықтырды терроризмге қарсы орталық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953005-avtomat-pen-granatomet-tarkilendi-qyzylordada-tartipsizdikke-qatysqandar-ustaldy/