Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында есірткі тасыған деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысында есірткі тасыды деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Атбасар қаласының 36 жастағы тұрғыны елордаға жолаушылар апарып, кері қайтқанда гашишпен ұсталған. Тас жолдың бойында күдіктінің көлігінен он қапшыққа оралған 600 грамм есірткі табылды.

Ал Қарағанды облысында есірткі жасырған деген күдікпен 5 адам ұсталды. Күдіктілердің бірі психотроптық заттарды қардың астына көміп кеткен. Сондай-ақ, Теміртау қаласының екі тұрғыны үйдің кірбересінде қолға түсті. Тексеру кезінде олардан 11 бума ұнтақ зат тәркіленді. Қазір бәрі де қамауға алынған.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда облысында сотталған азаматқа жолданған донердің ішінен есірткі табылған болатын.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның қорытындысы шөп тектес заттың салмағы 31,18 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екенін дәлелдеді..

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953034-aqmola-oblysynda-esirtki-tasityn-taksi-zurgizusisi-ustaldy/

pixel