"250-ге жуық адам жұмыссыз қала ма": СҚО-дағы тау кен байыту комбинаты жабылуы мүмкін
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстандағы Обуховка тау-кен байыту комбинаты қызметін біржола тоқтатып, ондағы 250-ге жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін деп хабарлайды "31 арна".
Кәсіпорын басшыларының айтуынша, өндірілген дайын өнімді саудалауға құқық қорғау органдары кедергі келтіріп отыр. Оған қоса жеті құрылтайшының арасында былтыр көктемде басталған титан-цирконий шығаратын кәсіпорынға таласқа сот та нақты нүкте қоймаған.
Обуховка - әлемдегі титан цирконий концентраты өндірілетін бірегей кен орны. Зауыттың дайын өнімі бірден шет елдерге экспортталуы тиіс.
Алайда өнімнің басым бөлігі тасымалдау кезінде тәркіленген. Бұлай жалғаса берсе шаш етектен шығынға батқан кәсіпорын өз жұмысын мүлдем тоқтатуға мәжбүр.
Ал "Тиолайн" компаниясының өкілдері бұл серіктестікті банкрот қылып, шетелдіктерге сату үшін қасқана істеліп отырған әрекет екенін айтады.
Кен орны "Тиолайн" деп аталатын серіктестікке қарайды. Сот шешімі бойынша оның мүлкін сыртқа шығаруға болмайды. Ал тау-кен байыту комбинаты бұл біздің қызметке кедергі келтірмеуі керек деген пікірде. Тараптар текетіресінің салдарынан кәсіпорын тоқтап, адамдар жұмыссыз қалуы мүмкін.
"2020 жылдан бері 500 тонна өнім тәркіленді. Жалпы құны - 250 мың АҚШ доллары. Қазіргі уақытта оның қайда екені де белгісіз. Сақталуына ешкім кепілдік бермейді. Құқық қорғау органдары Обуховка тау-кен байыту комбинаты өз өнімін сыртқа шығармауы керек деген ұстанымда. Алайда, біздің өнімге сотпен ешқандай шектеу қойылған жоқ қой", - дейді "Обуховка кен байыту комбинаты" ЖШС директоры Даниил Долгалев.
Ал құқық қорғау органдарының өз көзқарасы бар.
"Сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруы соттың бірінші сатысында заңсыз деп танылды. Алайда біз аппеляциялық сотқа жүгіндік. Қазіргі уақытта іс қайта қаралып жатыр. Соттың шешімі шыққан соң ғана, нақты бірдеңе айта аламыз", - дейді Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953045-250-ge-zuyq-adam-zumyssyz-qala-ma-sqo-dagy-tau-ken-baiytu-kombinaty-zabyluy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.