Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бір ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді

Опубликовано:

Алматы дүрбелең
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының Түрксіб ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі енгізілгенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 4-6 қаңтары аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды.

Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ ("ПМ", "ТТ" маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.

"Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - деді штаб өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953058-almatynyn-bir-audanynda-antiterrorlyq-operaciya-rezimi-engizildi/

pixel