Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде сапарда болған қазақ журналисіне қырғыздар қалай көмектескен

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Журналист Еренғайып Қуатайұлы қаңтар оқиғасы орын алған тұста Мәскеуден елге қайтар жолда қырғыз халқының өзіне қалай жанашырлық танытқаны жөнінде айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистің сөзінше, 7 қаңтарда ол Мәскеуден елге оралмақ болған, алайда елдегі жағдайға байланысты Алматыға рейс тоқтатылған еді. Сондықтан Қазақстанға Бішкек арқылы келген. Еренғайып Қуатайұлы қырғыз халқының қазақстандықтарға деген ыстық ықыласы мен жанашырлығын сол кезде ерекше сезінгенін жеткізді.

"7 қаңтар күні Қап тауынан түсіп, Мәскеуге келгенде Алматыға ұшақ ұшпайтынын білдім. Бірден Бішкекке билет алдым. Әуежай маңындағы бір қонақ үйдің ресторанына бардым. Ресепшн қырғыз қызы екен, менің Бішкек арқылы Алматыға кетіп бара жатқанымды сұрап білді. Ауқаттанып алып, төлем картасын ұсынсам, “төлемей-ақ қойыңыз, бара беріңіз”, - дейді. “Ой, қойыңыз, ұят болады” десем, “аман-есен үйіңізге жетіп алыңыз, еліңізде тыныштық болсын, тезірек шығып кетіңіз” деді. Жат жерде жүрген қаршадай қырғыз қызының бір туғаным деген жанашырлығы ғой", - деп жазады ол Facebook парақшасында.

Бішкекке қонған қазақстандық жолаушыларды еліміздің Қырғызстандағы елшілігі күтіп алып, қонақ үйге жеткізген.

Журналист мұнда да жергілікті халықтың ілтипатына ие болғанын айтады.

"Таңертең ресепшнге барып қонақ үй мен түндегі астың ақшасын төлейін десем, “жо-жоқ, байке, аман-есен еліңізге жетіп алыңыз", дейді құрақ ұшып. Бішкек қаласына қарасты осы аудан әкімі көмекшілерімен келіп, жан-жақтан Бішкек арқылы Қазақстанға жол тартқан отандастарымызбен амандасты.

Қал-жайымызды сұрады. Арнайы автобустарға отырғызып, жол полициясымен шекараға дейін шығарып салды. Қаңтар қасіреті кезінде әлемнің әр жерінен Бішкек арқылы үйіне асыққан қазақстандықтардың барлығына қырғыз ағайындар осылай қамқорлық жасады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953064-bir-tuganym-degen-zanasyrlygy-goi-qantar-oqigasy-kezinde-saparda-bolgan-qazaqstandyqqa-qyrgyzdar-qalai-komektesken/

pixel