Әкесінің атынан қыруар несие алған ақмолалық қыздың әрекеті әшкере болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғыны әкесінің атына 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда Бурабай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, қаржы үйымындағы "қарыздың" жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрағанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні тапты.

Ол арызданушының 24 жастағы қызы болып шыққан.

Ақмолалық ару әкесін екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953068-akesinin-atynan-qyruar-nesie-algan-aqmolalyq-qyzdyn-areketi-askere-boldy/