Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған

Опубликовано:

Телефон
Фото: Polisia.kz

Маңғыстауда әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 қызметкерлерінің жедел іс-қимылы арқасында сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Қызметкерлер оны мекемеге келген әйелден тапты. Тыйым салынған зат кір сабынының ішіне жасырылған. Әйел құрылғыны күйеуіне осылайша жеткізбекші болыпты.

Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді.

Қызметкерлер тыйым салынған заттар мен есірткі заттарын кез келген айла-амалдармен өткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953070-mangystaulyq-aiel-turmedegi-kuieuine-telefondy-kir-sabynga-tygyp-otkizbek-bolgan/

pixel