Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында анасының жерлеу рәсіміне ақша жинаған әйел сан соғып қалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Зеренді ауданында ауыл тұрғынынан анасының жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жинаған ақшасын ұрлап кетті. Әйел құқыққорғау органдарына жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қаңтар күні полицияға Зеренді ауылының 60 жастағы тұрғыны жүгінген.

Ол 20 қаңтарға қараған түні 33 жастағы танысы, жергілікті тұрғын үйінен 200 мың теңге мен алтын сақина ұрлап кеткенін айтады. Залал мөлшері 260 мың теңгені құраған.

Арыз жазушының сөзінше, бұл ақша марқұм анасын жерлеу рәсіміне қажет болыпты.

Зейнеткер анасының жағдайы нашарлай бастаған соң қаражатын кейінге қалдырып жүрген. 18 қаңтар күні қарияны ауруханаға жатқызған, көп ұзамай ол қайтыс болады.

Ақша әйелдің шкафта ілініп тұрған киімінің қалтасында тұрған. Бірақ, танысымен кездесуден кейін ақша жоғалып кеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188- бабы 1- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953072-aqmola-oblysynda-anasynyn-zerleu-rasimine-aqsa-zinagan-aiel-san-sogyp-qaldy/

pixel