Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания мен Норвегия коронавирусқа қарсы вакцина алмағандарға елге кіруге рұқсат берді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: Pixabay.com

Ұлыбритания мен Норвегия 11 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алмаған саяхатшылар үшін он күндік карантинді алып тастады. Бұл туралы екі ел үкіметінің ресми сайттарында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ал вакцинасы бар азаматтар бұдан былай Ұлыбританияға еш шектеусіз кіре алады.

Коронавирусқа қарсы вакцина алмағандар елге кірер алдында екі күн бұрын ПТР-тест тапсырып, оның нәтижесі теріс болса, жеткілікті. Ұлыбританияға келгенде олар тағы бір тест тапсырады.

"Бүгін жарияланған өзгерістер Ұлыбританияның Еуропа бойынша шекарасы ашық мемлекеттердің бірі екенін білдіреді. Бұған қоса, Ұлыбританияның экономикасы мен қоғамы да ашық. Саяхаттау ережелерін жеңілдету шаралары дәл балалар демалыстарының алдында қолға алынып отыр. Бұл демалыс кезінде шетелге шыққысы келетін отбасылар үшін жағымды жаңалық. Сондай-ақ, бұл - туризм индустриясы үшін қосымша ынталандыру шарасы", – делінген ведомство хабарламасында.

"Вакцина алмаған шетелдіктер елге келгеннен кейін карантинге жатқызылмайды. Одан бөлек 8-ші күні тест тапсырмайды. Дегенмен олар, бұрынғыдай, келушілерге арналған "Passenger Locator Form" формасын толтыруы тиіс. Сонымен бірге, елге келерден 2 күн бұрын және келгеннен кейін жасалынған ПТР-тест арқылы коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын дәлелдеуі тиіс", - деп қосты Ұлыбританияның көлік министрі Грант Шэппс.

Мұндай өзгерістер Норвегияда да қолға алынып жатыр.

Норвегияға келушілерге арналған карантин 26 қаңтардан бастап тоқтатылды. Енді вакцинасы жоқ адамдар елге кіру үшін ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама мен толтырылған тіркеу сауалнамасын ғана ұсынуы керек. Елге келген соң саяхатшыдан қосымша тесттен кейін коронавирус анықталса, ол өздігінен карантинге жатуы тиіс.

Сонымен қатар, Норвегия үкіметі эпидемиологиялық жағдай нашарласа, карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, Ұлыбритания мен Норвегия коронавирусқа қарсы ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды ғана мойындайды. Олар: Pfizer/BioNTech, Oxford/AstraZeneca, Moderna, Janssen, Sinovac-CoronaVac, Sinopharm Beijing және Covaxin.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953112-ulybritaniya-men-norvegiya-vakcina-almagandarga-elge-kiruge-ruqsat-berdi/

pixel