Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі алынады

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада жағдайдың тұрақталуына байланысты террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі алынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының терроризммен күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қабылданған шешімге сәйкес, қала аумағында 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі алынады.

Штабтың мәліметінше, күштік құрылымдар штаттық жұмыс режиміне көшкен.

Сондай-ақ, штаб өкілдері түсіністікпен қарап, жауапкерлішілік танытқан азаматтарға алғыс айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін 26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция режимі аяқталып және террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі алынғанын жазған едік.

Дегенмен, аталған өңірлерде террористік қауіптің "қызғылт сары" дейгейі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953135-nur-sultanda-terroristik-qauiptin-qyzgylt-sary-dengeii-alynady/

pixel