Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан электр қуатын өшіру себебін тексеру бойынша комиссия құрды

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр қуатының өшу себептерін анықтау жөніндегі арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, арнайы комиссия "КЕGOC" АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтардың пайда болу және даму себептері мен жағдайларын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында құрылған.

"Тергеу нәтижелері бойынша болашақта осындай технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтар күні Алматы, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда жарық сөнген еді. Бірнеше сағаттан кейін тұтынушыларға электр қуаты қайта берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953170-qazaqstan-elektr-quatyn-osiru-sebebin-tekseru-boiynsa-komissiya-qurdy/

pixel