Павлодар облысында мас жүргізуші жол бойындағы дүңгіршектің ішіне көлігімен кіріп кетті

Опубликовано:

1
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Кенжекөл ауылында мас жүргізуші жол бойындағы дүңгіршектің ішіне көлігімен кіріп кетті. Бұрын бұл тұрғын осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

"Бүгін, яғни, 25 қаңтар күні таңғы сағат 06.50-де Кенжекөл ауылында "Toyota Land Cruzer 200" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Шоктальский көшесінде орналасқан "Сели Поели" жол бойындағы дүңгіршекті бұзып кірген.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру барысында көлік тізгіні Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғынында болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, көлікті басқарған адам мас күйде болған", - деп хабарлайды баспасөз хабарламасында.

Анықталғандай, бұрын жүргізуші осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953174-kenzekol-auylynda-mas-zurgizusi-zol-boiyndagy-dungirsektin-isine-koligimen-kirip-ketti/