Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының екі ауданында антитеррористік операция режимі енгізілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының аумағында антитеррористік операция режимі енгізілді. Бұл туралы терроризмге қарсы орталықтың сайтында хабарланды.

Республикалық жедел штабтың хабарлауынша, аталған аудандар аумағында Алматыдағы мемлекеттік мекемелерге шабуылдар мен коммерциялық нысандарды тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу операциясы жүргізілуде.

Мәселен, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде қару-жарақ, жарық-дыбыс шығаратын және ұрыс гранаталары, полиция қызметкерлеріне арналған амунициялар, 123 ұялы телефон қабы, түсі жасыл иісі бар зат тәркіленген.

"Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген республикалық жедел штаб хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында жүргізілген антитеррористік операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген 5 адам ұсталған болатын.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953183-almaty-oblysynyn-eki-audanynda-antiterroristik-operaciya-rezimi-engizildi/

pixel