Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте тағы 13 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте елімізде 13 652 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2852
  • Алматы қаласы - 2491
  • Шымкент қаласы - 168
  • Ақмола облысы - 907
  • Ақтөбе облысы - 513
  • Алматы облысы - 454
  • Атырау облысы - 414
  • Шығыс Қазақстан облысы - 549
  • Жамбыл облысы - 242
  • Батыс Қазақстан облысы - 451
  • Қарағанды облысы - 2209
  • Қостанай облысы - 490
  • Қызылорда облысы - 134
  • Маңғыстау облысы - 128
  • Павлодар облысы - 1153
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 407
  • Түркістан облысы - 90.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 192 211-ге жетіп отыр.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 159 223 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 10 137 пациент стационарда, 149 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 385 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953187-elimizde-bir-taulikte-tagy-13-mynnan-astam-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel