Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай ғалымдары жаңа коронавирус туралы ескертті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытай ғалымдары Оңтүстік Африкада табылған NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды РИА Новости bioRxiv сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің мәліметінше, вирустың адам ағзасына енуі үшін белгілі бір мутация қажет. Қазір ол тек жарқанаттар үшін қауіпті.

Дегенмен ғалымдар NeoCoV коронавирусының қалай пайда болғаны өздеріне де беймәлім екенін айтып отыр.

"Вирустың бұл тобының адамда да пайда болуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың таралуын мұқият бақылау керек", - делінген ғылыми мақалада.

Сонымен қатар, басылым бұл зерттеудің препринт нұсқада екенін, оны өзге де сарапшылар зерттеуі қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бангладеште коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырғандардың 73 пайызында бір симптом байқалғанын жазған едік.

Науқастардың сөзінше, олардың бәрінде бас ауруы, әлсіздік және түшкіру белгілері болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1953192-qytai-galymdary-zana-koronavirus-turaly-ekertti/

pixel