Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайына қару-жарақ тасымалдау ақысын алуға тыйым салынды

Опубликовано:

Әуежай
Фото: nn-airport.kz

Сот шешімімен Нұр-Сұлтан әуежайына қару-жарақ тасымалдау ақысын алуға тыйым салынды. Енді жолаушылар бұл қызмет үшін тек әуе компанияларына төлем жасайды. Бұл туралы Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың жаз мезгілінде "Қансонар" республикалық аңшылар қауымдастығы агенттікке жүгініп, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін жолаушылар елорда әуежайына қосымша 15 мың теңге төлеуге мәжбүр болғанын хабарлаған.

Бұл ретте қаруды тасымалдау құнын әуе компаниялары билет бағасына қосып қойған.

"Осының салдарынан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жолаушылар бір қызмет үшін әуежай мен әуе компаниясына екі рет ақы төлеуге мәжбүр болуда", - делінген хабарламада.

Шағымданушылардың өтінішін қарау кезінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Бас прокуратура әуежайдың бұл қызметі монополияға қарсы органмен келісілмегенін анықтаған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан материалдар Бас көлік прокуратурасына жіберілген.

Авиациялық көлік прокуратурасы материалдарды қарап, бұл қызметтің заңсыздығы туралы айтқан, бірақ әуежай бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, сотқа шағым түсірген.

6 қаңтарда сот авиациялық прокуратураның талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Осылайша, қаруды тасымалдағаны үшін әуежайға төленетін қосымша төлем алып тасталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953201-nur-sultan-auezaiyna-qaru-zaraq-tasymaldau-aqysyn-aluga-tyiym-salyndy/

pixel