Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 пайызын мемлекет төлейді: Министрлік тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі

Опубликовано:

Ғимарат
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, атаулы тұрғын үй көмегін берудің қағидалары мынадай: 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын көмек алушы төлейді.

Жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы ең төмен, күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады. Бүгінде елімізде мұндай 70 мың адам бар.

"Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде "Отбасы банкін" анықтау ұсынылды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, өтініш берушілерге келесідей негізгі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;
  • "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;
  • тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы керек.

Сонымен қатар, бұл бағдарламаға бюджеттен 50 млрд теңге қажет екені атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953274-50-paiyzyn-memleket-toleidi-ministrlik-turgyn-uidi-zalga-alu-qunynyn-zartysyn-toleu-tetigin-azirledi/

pixel