Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғары жалақы мен баспана: Ауылға баратын мұғалімдерге қандай жағдай жасалады

Опубликовано:

ұстаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның алқа мәжілісінде елімізде үздік педагогтарды өңірлерге арнайы бағдарлама арқылы тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Алдағы уақытта үздік педагогтарды Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына тарту бойынша арнайы бағадарлама қолға алынбақ.

"Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау жасалады. Соның ішінде жалақының ұлғайтылған коэффиценті, арендалық баспана мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу сияқты шаралар бар", - деді министрдің орынбасары.

Осылайша, аймақтардағы білім деңгейінің алшақтығын қысқарту жоспарланып отыр, дейді Шолпан Каринова.

Одан бөлек, 2022 жылы кем дегенде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпек.

Айта кетейік, қаңтардың басында жаппай тәртіпсіздікден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үздік педагогтарды өңірлерге тарту бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953283-zogary-zalaqy-men-baspana-auylga-baratyn-mugalimderge-qandai-zagdai-zasalady/

pixel