Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімдігіне жасалған шабуылдан кейін 3 қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

1
Фото: NUR.KZ

Павлодар облысы әкімдігі ғимаратына шабуыл жасаған үш қатысушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олардың бірі қамауда. Іс бойынша материалдар ҰҚКД- ге тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Утеуовтің ақпараты бойынша, қылмыстық істер жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және облыс әкімдігі ғимаратына шабуыл жасағаны үшін қозғалып отыр. Шығын 2 миллион теңгеден асқан.

Ведомство құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

"Облыс аумағында дүкендерді тонауға, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлауға, тонау, шағын және орта бизнес объектілерін жою және бүлдіру фактілеріне жол берілген жоқ.
Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізілді, ұсталғандардың барлығына білікті қорғаушылар берілді", - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Утеуов.

Заңсыз митингке қатысқаны үшін (ҚР ӘҚБтК - нің 488 - бабы) 435 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 324 - і қамауға алынды, 18-і айыппұл салынды, 93-і ескерту алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953288-pavlodar-oblysy-akimdigine-zasalgan-sabuyldan-keiin-3-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel