Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа жолайрықтар салынбақ

Опубликовано:

Жол
Фото: Алматы полиция департаменті

Алматы қаласында жаңа жолайрықтың құрылысы басталады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сонымен қатар Төле би даңғылын созу жұмыстарын бастау жоспарлануда.

"Биыл Абай даңғылын созуды, Саин көшесі, Әуезов көшесі, Сейфуллин даңғылымен Жансүгіров көшесімен Құлжа трактісінен Бухтарминск көшесіне дейінгі көлік айрығын салуды, сондай-ақ “Сарыарқа” және “Бауыржан Момышұлы” бекеттерімен қосып, ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын метро желісін пайдалануға беру жоспарда бар. Ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын “Думан” ықшам ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Алғабас, Қайрат, Әлмерек шағын аудандарындағы 43,1 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол құрылысын аяқтау жоспарлануда", – деді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Ол өткен жылы Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі қиылысында көлік айрығы іске қосылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953332-almatyda-zana-zolairyqtar-salynbaq/

pixel