Ақтау маңында көлігін жөндемек болған 25 жастағы жігіт мерт болды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтау маңында 25 жастағы жігіт жөндеу жұмысын жүргізбек болғанда автокөлік астында қалып, мерт болды. Оқиға Басқұдық ауылында болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 21 қаңтар күні жекеменшік үй аумағында көлік жөндеп жатқан уақытта болған.

25 жастағы жігіт өз көлігін тік көтергішке қойған. Алайда, көлік түсініксіз жағдайда құлап, ер адамды басып қалған.

Медицина қызметкерлері жігітті Маңғыстау облыстық ауруханасына апара жатқанда өлімді тіркеген, кейіннен сот- медициналық сараптама алған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Орал маңында үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған едік.

Шымкент-Самара тас жолында такси жүргізушісі жолаушылармен бірге жол жиегінде тұрған жүк көлігіне "кіріп" кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953338-aqtau-manynda-koligin-zondemek-bolgan-25-zastagy-zigit-mert-boldy/