Министрлік шекараға жақын жерде қауіпті вирустар анықталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан мен Ресей мамандары шекаралас аймақта қауіпті вирустар тапқанын хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылы қазақстандық және ресейлік мамандар халықаралық ынтымақтастық аясында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысының аумағында Катонқарағай ұлттық паркінде эпизоотологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Парк Таулы Алтай оба ошағымен шектеседі.

"Зерттеу қорытындысы бойынша ПТР әдісімен бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның айналымы, сонымен қатар, псевдотуберкулез және лептоспироз қоздырғыштарына антиденелері бар кеміргіштер анықталды. Бірлескен зерттеулер жүргізу жөніндегі жоспарлар 2022 жылы жалғасады", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Еділ-Орал құмды оба ошағының аумағын бірлескен эпизоотологиялық зерттеу шараралары атқарылды.

Мамандар еліміздің барлық өңіріндегі аса қауіпті инфекциялар ошақтарында шекаралас мемлекеттердің ғалымдарымен бірлесіп атқарылатын кешенді жұмыс пен мониторинг биологиялық қатерлерге жедел ден қоюға және олардың алдын алуға, сондай-ақ елдегі тұрақты ахуалды сақтауға мүмкіндік беретінін сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953343-ministrlik-sekaraga-zaqyn-zerde-qauipti-virustar-anyqtalganyn-malimdedi/