Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар трагедиясы: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына азаптау мен қатігездік туралы 20 жазбаша шағым түскен

Опубликовано:

Алматы
Фото: Polisia.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаптау мен қатігездік туралы 20 жазбаша шағым түскен. Бұл туралы Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта азаматтардан өзімнің атыма қаңтар айындағы болған оқиғаларға байланысты заңбұзушылықтар туралы біраз өтініш келіп түсіп жатыр.

Сонымен бірге біз 13-19 қаңтар арасында өңірлерде 81 тергеу изоляторына және уақытша ұстау изоляторына барып, тәуелсіз мониторинг жасадық", - деген уәкіл сол мониторингтің алғашқы қорытындыларына тоқталды.

"Азаматтардың құқығы бұзылғаны туралы 39 өтініш түсті. Оның 20-сы — азаптау мен қатыгездікке қатысты жазбаша түрде түскен өтініштер. Қалғандары негізсіз қамауға алу, әкімшілік жазалау туралы сот шешімдерімен келіспеу, медициналық көмек көрсетпеу, адвокаттарды жібермеу мәселелеріне қатысты.

Дегенмен, әлеуметтік желіде заңбұзушылықтар туралы қоңыраулар мен хабарламалар айтарлықтай көп болды", - деді Эльвира Әзімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953364-qantar-tragediyasy-adam-quqyqtary-zonindegi-uakildin-atyna-azaptau-men-qatigezdik-turaly-20-zazbasa-sagym-tusken/

pixel