Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: "Ashyq" жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі өзгереді

Жарияланған күні:

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

2022 жылғы 27 қаңтарда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді көздейтін жаңа № 7 қаулысы қабылданды.

"Жаңа қаулыға сәйкес "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимін шектеу алынып тасталды", - делінген Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратта.

Эпидемиологиялық тәуекел аймағына (жасыл, сары, қызыл) қарамастан, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін шектеу алынып тасталды.

Бұл – салтанатты, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни және ойын-сауық нысандарының (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 ш.м.-ден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 ш.м.-ден асатын азық-түлік) қызметі, бассейндер.

Келушілерде бейтарап ("көк") немесе қауіпсіз ("жасыл") мәртебе болған жағдайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "жасыл" аймақтағы (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) өңірлерде – "Ashyq" қатысушыларының қызметі шектеусіз жүзеге асырылады, ал "сары" (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) және "қызыл" (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймақтарда – карантиндік шектеулер толтыруды арттыру жағына қарай жеңілдетіледі.

Осылайша, эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарды жүзеге асыратын объектілер үшін, отельдер, қонақ үйлер, әуежайлар, теміржол, су және автовокзалдар, өзен және теңіз порттары, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері, банктер; сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап "көк" мәртебе болған жағдайда шектеусіз кіру сақталады.

Сауналардың, моншалардың, сауда алаңы 1000 ш.м. дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес) қызметіне шектеулер алынып тасталды, оларға эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде бейтарап "көк" мәртебе бойынша кіруге болады.

"Жасыл" аймақта мейрамханалар мен дәмханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары (бильярд, боулинг, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, океанариум, компьютерлік және лотерея клубтары, букмекерлік конторалар) үшін келушілерде бейтарап "көк" мәртебе болған жағдайда шектеу алынып тасталды, бұдан басқа "сары" аймақта олардың толтырылуы 50%-дан 70%-ға дейін және "қызыл" аймақта 30%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Объектінің толтырылуы оның жобалық қуатына байланысты анықталады.

Қабылданған карантиндік шаралар мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру үшін қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953373-zana-qauly-ashyq-zobasyna-qatysatyn-nysandardyn-zumys-rezimin-sekteu-alyndy/