Ақтау полицейлері "мефедрон" синтетикалық есірткі затын жасырушы жігітті ұстады
Жарияланған күні:
26 қаңтар күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтау қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.
Тінту кезінде одан көк түсті пакетке оралған 15 дана полиэтиленді түйіншікке салынған 10 грамм синтетикалық есірткі заты - "мефедрон" тәркіленді.
Сондай-ақ, жігіттен оның есірткі заттарын жасырушы ретінде жұмыс істейтінін және телеграм-чатқа (интернет-дүкенге) қатысы бар екенін көрсететін ұялы телефон табылды.
Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі, яғни, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, одан әрі өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жоғарыда көрсетілген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасының сұрақтары қарастырылуда. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953383-aqtau-policeileri-mefedron-sintetikalyq-esirtki-zatyn-zasyrusy-zigitti-ustady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.