Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның бір облысы "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Түркістан облысы "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
  • "сары" аймақта ешбір өңір жоқ.
  • "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 12 558 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 204 769-ға жетіп отыр.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша 160 297 адам коронавирус инфекциясынан 158 936 емделуде, оның ішінде 10 058 пациент стационарда, 150 239 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 385 адамның жағдайы ауыр, 140 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953405-koronavirus-qazaqstannyn-bir-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel