Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ жаңа NeoCoV коронавирусы туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа NeoCoV коронавирусы туралы ақпарат алғанын және жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді. Алайда вирустың адамға қаншалықты қауіпті екенін ғалымдары әлі де зерттеуі қажет, деп хабарлайды РИА Новости.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз зерттеуін препринт нұсқада жариялаған ғалымдарға алғыс айтты.

"Жануарлар, әсіресе жабайы жануарлар адамдарда пайда болатын барлық жұқпалы аурулардың 75 пайыздан астамында себепші болады, олардың көпшілігі жаңа вирустардан туындайды. Коронавирус жануарларда, соның ішінде осы вирустардың көпшілігінің табиғи резервуары ретінде анықталған жарқанаттарда жиі кездеседі", - деп хабарлады ұйымнан.

Алайда ДДСҰ мәліметінше, бұл вирустың адам үшін қауіпті не қауіпті емес екені, сондай-ақ, ол жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін бе деген сауал зерттелуі қажет.

"ДДСҰ Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымымен, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен және басқа да зооноздық вирустардың пайда болу қаупін бақылау және әрекет ету ұйымдарымен тығыз жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953421-duniezuzilik-densaulyq-saqtau-uiymy-zana-neocov-koronavirusy-turaly-malimdeme-zasady/

pixel