Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Тұңғыш президент елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді

Опубликовано:

Тоқаев пен Назарбаев
Көрнекі фото: halyqline.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтты. Ол Елбасының елімізге сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті. Бұл жөнінде Ақорданың Twitter парақшасында жарияланды.

"Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді", - деді Тоқаев партияс съезінде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі болып жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953533-toqaev-tungys-prezidentimiz-elimizdi-irgesi-berik-memleketke-ainaldyru-usin-zor-enbek-sinirdi/

pixel