Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Біртановтың ісін бас прокуратураға қайтарды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша онлайн режимде алдын ала тыңдау өтті. Нәтижесінде судья қылмыстық істі прокуратураға қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біртановтың қорғаушылары ҚІЖК нормаларының бұзылуына байланысты Біртановтің ісін прокуратураға қайтару туралы өтініш білдірді. Екі күндік тыңдаудан кейін судья Ибрахим Әлкенов сотқа дейінгі тергеу органы жасаған заң бұзушылықтар іс бойынша басты сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретінін анықтады.

ҚІЖК 297-бабы 7-бөлігі шағымдар шешілгенге дейін прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдамайтынын тікелей көздейді: бұл жағдайда тергеу барысында қорғаушылардың шағымдары қаралмаған.

Айта кетейік, сотқа экс-министрмен бірге бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қатысты. Оның ісінде де Біртанов сияқты "лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану" бабы көрсетілген.

"Сотталушылар Біртанов пен Әбішевтің қорғаушыларының қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішін қанағаттандырамын.

Біртановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 361 - бабы 4 - бөлігі 2 - тармағы және 361 - бабы 3-бөлігі бойынша; Әбішевке қатысты 361-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс ҚІЖК-нің елеулі бұзушылықтарын жою үшін Бас прокуратураға қайтарылсын", - деп мәлімдеді судья.

Осылайша, Біртанов пен Әбішевті үйқамақта ұстау уақыты тағы бір айға ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953560-sot-birtanovtyn-isin-bas-prokuraturaga-qaitardy/

pixel