Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада полицей формасын киіп алған қоқыс тазалаушы жазаланды

Опубликовано:

Қоқыс тазалаушы
Қоқыс тазалаушы. Кадр: facebook/up.kyzylorda

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің арнайы киімін киіп алған қоқыс тазалаушының видеосы тарап кетті. Нәтижесінде жұмысшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қызылорда полиция басқармасының Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан коммуналды мекеме жұмысшысы "Полиция" деген жазуы бар күртеше киіп алып, контейнерден қоқысты жинап жүргенін көруге болады. Аталған роликті көрген тәртіп сақшылары 24 жастағы Қызылорда тұрғынын тауып, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Жұмысшыға қатысты ҚР ӘҚ 675-бабы бойынша хаттама толтырылған. Іс сотқа жолданатын болады.

Өзінің мұндай әрекетке неліктен барғанын түсіндірген жігіттің айтуынша, полиция формасы үйінде бұрыннан болған. Сондықтан оны киіп шықпақ болыпты. Ол форманы киюге болмайтынын білмегенін алға тартқан. Жігіт ойланбай істеген ісіне өкініп, кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953571-qyzylordada-policei-formasyn-kiip-algan-qoqys-tazalausy-zazalandy/

pixel